Бетперде киген жігіт тағы бір отбасыға үй сыйлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2138

Маскадағы жігіт тағы бір отбасыға көмектесті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл жолы маскадағы жігіт 14 жасар Сержан есімді жігіттің отбасына көмектескен. Әкесінің көзі көрмейтінін, анасының талып қалатынын, эпилепсиямен ауыратынын, әпкесінің көзінің көруі төмен екенін айтқан жас балаға үй сыйлады. 

Маскадағы жігіт Сержанның мешітте дұға тілеп отырғанын көрген екен. 14 жасар Сержан мектептен бос уақытта жұмыс істейтінін, ең қиын кез нан таба алмай қалған кез деп айтқан. Одан “Алладан не сұрайсың” дегенде, “Аш қалмасақ екен. Ең бастысы ата-анам аман болса болды маған” деп жауап берген. 

Маскадағы жігіт Сержанға үйлі болдың дегенде, еріксіз жылап жіберген.  

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...