Маңғыстауда 2 жасар қыз көше дәретханасына түсіп кетті (видео)

ЖАҢАЛЫҚТАР
2879

Маңғыстау облысында екі жасар бала көше дәретханасына құлады, деп хабарлайды madeniportal.kz Lada.kz сілтеме жасай отырып.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, оқиға Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінің ауласында болған.

Құтқарушыларға шақыру 31 наурызда сағат 13:12 шамасында келді. Оларға екі жасар қыз дәретхананың шұңқырына түсіп кетті деген хабар келген.

«Құтқарушылар келгенге дейін баланың туыстары өз күштерімен құтқарып үлгерген», - деп хабарлады Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

Қызды құтқару сәті түскен видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...