Елім деп өткен есіл ерИманжүсіп Құтпанұлы Кереку өңірінде дүниеге келіп, Ерейментау, Сыр, Жетісу айм...
“Есіңе мені алғайсың” әні қалай хит болды?
Фото: ашық дереккөз
Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған “Есің мені алғайсың” әні халықтың жүрегінен мызғымас орын алды. MADENIPORTAL.KZ тілшісі осы әннің тарихына тоқталмақ.
1975 жылы композитор Нұрғиса Тілендиевтің үйінде ақын Мұқағали Мақатаев бір ай тұрады. Сол кезде бірталай ән шығарып, арқа-жарқа болады, Мұқағалидің қазасынан кейін Нұрғиса Тілендиев қатты күйзеледі.
Ақын Нұрғиса Тілендиевке көзінің тірісінде «Есіңе мені алғайсың» әнін жазып жіберіп, “осыған нащар аударып көоіңізші” дейді.
“Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейінгі екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым”, – дейді композитор.
Ал халыққа кең тараған әннің нұсқасын әнші-композитор Елена Әбдіхалықова 20 жасында жазған. Кейін бұл ән Мәдина Ералиеваның орындауында бүкіл түркі тілдес халыққа тарады.
Мұқағалидың «Есіңе мені алғайсың» өлеңі табиғаттың төрт мезгілі мен адам өмірін астарлаған ғажап лирика десе болады.
Мен ән жаздым, мінекей деп жүгіріп барып, көрсету деген жоқ. Өзімнің тұрған ортамда, жүрген жерімде, ақындар айтысына қатысқан кезде де айтып жүрдім. 1994 жылы қазақтың күміс көмей әншісі Мәдина Ералиева Қызылордаға келген кезінде мені жолықтырып, екеуіміз отырыста, концертке бірге қатыстық. Сол уақытта Мадина осындай бір әдемі ән естіп жүрмін. Кімнің әні деп жүрсем, өз сіңілімдікі екен ғой дегені бар. Маған рұқсатын сұрап, әнді сұрады. Бір сапарымда сол кінісің үйінде болдым. Өзі сырнайын алып, мен домбырамен таң атқанша бір түннің ішінде осы әнді үйрендік, – дейді Елена Әбдіхалықова.
Кейін Мәдина Ералиеваның орындауында «Есіңе мені алғайсың» әні жарқырап, бүкіл қазақтың және алты Алаштың құлағына сыңғырлап жетті.
Оған дейін бұл әнді Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова домбырамен айтып, эфирге шығарып, концерттерінде орындап жүрді.
«Есіңе мені алғайсың»
с. М.Мақатаев
ә. Л.Әбдіхалықова
Нұр жауып тұрған көктемде
Гүл тере барсаң бөктерге
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қоңыраулатқан аспанды
Найзағай шаншып өткенде
Есіңе мені алғайсың
Қазбауыр бұлттар маңғанда
Орманға жазда барғанда
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Арманда мені арманда
Мен бар деп мына жалғанда
Есіңе мені алғайсың
Қараша келген шақтарда
Құлазып тұрған бақтарда
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Ақ ұлпа жерді жапқанда
Ағаштар сырға таққанда
Бозарып атқан ақ таңда
Бозарып тұрып ақпанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың
Жапырақ жайрап жатқанда
Құрайлар сыңси қаққанда
Есіңе мені алғайсың