Руслан Жұмағұлов пара алған кезде ұсталды. Онымен бірге екі адвокат ұсталды, деп хабарлады madenip...
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жанданып келеді
Фотосурет ашық дереккөзден
Кәсіподақтар – өз салалары бойынша қызметкерлер мен жұмысшылардың мүддесін қорғаудың басты механизімі. Мұндай ұйымдар әлем елдерінде әлеуметтік құбылыс ретінде 2 ғасырға жуық өмір сүріп келеді. Ең басында кәсіподақ ұйымдары еңбек ұжымының құқы мен мүдделерін қорғау үшін ұжымдық ұйымы сипатында пайда болған. Ал қазіргі кезде олардың іс-әрекеті нәтижесінде республикамыздағы жұмысшылардың мүддесі қорғалуда, деп жазады madeniportal.kz.
Мәселенки, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында қандайда бір еңбек дауы туындай қалған жағдайда кәсіподақ ұйымы талқылауға қатысады, екі тараптың арасында жарыссөз ұйымдастырады. Егер тараптарды өзара татуластырудың реті келмесе, әйтпесе арадағы дау-дамай ушығып кетсе, кәсіподақ ұйымы кәсіпорын басшылығын және жергілікті билікті құлағдар ету арқылы ереуіл өткізу туралы шешім шығаруға немесе өзге де заңды іс-әрекеттер жасауға қақылы.
Біздің елімізде еңбекшілердің ереуілі егемендік алғаннан бері атқарушы билік тарапынан еш кедергісіз әрі жүйелі түрде өткізіліп келеді. Тоқсаныншы жылдары елімізде экономикалық жағдайдың ушығуы мен халықтың тұрмыс-тіршілігінің төмендеп кетуіне байланысты, сондай-ақ жаппай жайлаған жұмыссыздық пен қымбатшылдық себептерінен жиі туындап жатты. Бірақ, халықтың көшеге шығуы мекеме-кәсіпорындардың жабылуын, жұмыссыздықты тоқтата алмады, әрі тоқтата да алмасы сөзсіз. Өйткені мұндай күрделі экономикалық жағдайда мемлекет пен бизнестің, тұтастай алғанда өзара түсіністігі, келісімі керек болды. Әйтпесе, белгілі әпсанадағыдай аққу, шортан, шаян сияқты үш тараптың үш жаққа тартуынан іс оң шешілмейтіні анық еді.
Осынау қиын-қыстау кезеңіде мемлекет ереуілге шығушылармен қатысушылармен келелі келіссөз жүргізіп, туындаған мәселені жан-жақты талқылап, ортақ шешімге келуге әзірлігін көрсетті. Осы кезде тәуелсіз кәсіподақтар тиісінше қолдау тапты. Дегенмен заман өзгерген сайын қоғамдық өмірге қатысты заңдарымыздың талабы да қатаңдана түсті. Ата Заңымызда кәсіподақ ұйымдарын сырттан шетелдік қаржы көздерінен қаржыландыруға тыйым салынды. Бұлдай жаңашылдық кәсіподақтардың қызметін көп қиындатып тастады. Олардың ереуіл, заңмен тыйым салынбаған басқа да қарсылық акциясын ұйымдастырулары азайды, тіпті түбегейлі тоқтады деп айтса да болады. Кәсіподақ жұмысына қысым күшейді.
Тоқсаныншы жылдардың соңында мемлекет еңбекшілердің келіссөз жүргізу мүмкіндіктерін шектеп, ұжымдық шартты ерікті түрде, керісінше жеке шартты міндетті түрде қабылдауды міндеттейтін егемен еліміздегі ең бірінші Еңбек кодексін қабылдады.
Уақыт өте келе, Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) қабылдануға әзірленіп, тағы бір жаңа Еңбек кодексін қабылдады. Жаңа Кодексте кәсіподақтың ереуіл ұйымдастыру құқы күшейтіліп, жұмысшылардың ереуіл өткізуі үшін жұмысшылар мен жұмыс беруші өзара ұзаққа созылған келіссөз жүргізу процесінен өтуі міндеттелді. Ал бүгінде кәсіподақ ұйымдары Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай ереуіл, бейбіт жиын ұйымдастыра алады, сондай-ақ бірлескен наразылық акцияларын өткізу үшін өзара қауымдасуға рұқсат берілген.