Алматы метросында ұялы байланыс пен интернет қосылды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1980

Алматы метросының жеті станциясында интернетке қосылған ұялы байланыс орнатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қалған станцияларда интернетке қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қалалық метрополитеннің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Райымбек", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "М.Әуезов театры" және "Алатау" станцияларында интернет пен ұялы байланыс орнатылған.

“Бүгінде базалық станцияларын орнату жұмыстарын Kcell операторы жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта метро мамандары барлық байланыс операторларын тартуды жоспарлап отыр. Байланыста болу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз жолаушыларымызға саяхатты ыңғайлырақ және технологиялық жағынан жетілдіретін заманауи қызметтерді ұсынамыз", - деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі. Желіге қосылу жұмыстары биыл қыркүйек айында басталды. Платформаларда ұялы байланыс пен интернет қолжетімді, жолаушылар метро вагондарында байланысқа қосылу мүмкіндігіне ие болады. Метрополитен өкілдерінің сөзінше, байланыс сапасына қатысты сұрақтар бойынша жолаушылар ұялы байланыс операторына хабарласа алады. Сонымен қатар жолаушыларға барлық байланыс қызметін: қоңырау шалу, хабарлама жіберу және цифрлық қызметі пайдалануға мүмкіндік беретіні хабарланды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...