Билік Паралимпиадада күміс алған Еркін Ғаббасовтың ипотекасын жауып, 7 млн теңге сыйға берді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2511

Бүгін Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Парижде өткен 2024 жылғы Паралимпиадада күміс медаль алған әріптесі Еркін Ғаббасовты құттықтау үшін жиналды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы", - делінген министрлік хабарламасында.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Еркінді жеке құттықтап, алғыс хатпен және "Үздік цифрландырушы" төс белдігімен марапаттады. Сонымен қатар, Министрлік оның ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесті және  7 миллион теңгелік сертификат табыстады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...