Бір айлық сәби емшіге барғаннан кейін қайтыс болған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1136

Қырғызстанның Ош облысы Өзгөн ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бір жарым айлық сәби ата-анасы оны халық емшілеріне апарып, баланың арқасына тілік жасап (насечка) емдеткеннен кейін көз жұмды. Бұл ақпаратты аумақтық аурухана растағаны жайлы 24.kg жазды.

Дәрігерлердің айтуынша, нәресте 21 қаңтарға қараған түні медициналық мекемеге өте ауыр хәлде жеткізілген. Балаға постгеморрагиялық шок және көп мөлшерде қан кету диагнозы қойылған. Жағдайы аса ауыр (критикалық) деп бағаланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...