Жыл басынан бергі 8 айлық ақпарат бойынша, балаларға қатысты 78 зорлық-зомбылық оқиғасы орын алыпты....
Астанада "бас имамның үйі" деп видео түсірген ер адам айыппұл арқалады
Фото: Видеодан кадр
"Астана бас имамының зәулім үйінің" видеосын жариялаған ер адам 180 АЕК (707 760 теңге) көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Астанада әлеуметтік желіде жала жапқаны үшін Б.-ға қатысты іс қаралды.
Сот мәліметінше, айыпталушы бөтен үйді видеоға түсіріп, Астана қаласы бас имамының үйі деп көрсетіп, желіге жариялаған.
“Ер адам үйдің көпшіліктің қайырымдылық қаражатына салынғанын айтып, имамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін сөздер айтқан. Осылайша басқа тұлғаның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан", – делінген сот хабарламасында.
Сот мәліметінше, Астана тұрғыны өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ үйдің кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін жеткізді. Ол видеоны көрілім үшін жариялағанын айтты.