Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Жаңалықтар
733

Қазақ спортшылары әлемдік, халықаралық жарыстарда оқ бойы озық шығып үздіктер қатарынан көрінуде. Сіздердің назарларыңызға қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарыс нәтижелерін ұсынамыз.



Шорт-трек. Алматыда шорт-тректен әлем Кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстандық Денис Никиша алтын медаль жеңіп алды, сонымен қатар ол қола медальмен де марапатталды.

Конькимен жүгіру. Надежда Морозова Канададағы әлем Кубогының төртінші кезеңінде қола медаль иеленді.

Ауыр атлетика. Нұрғиса Әділетұлы Колумбияда өткен әлем чемпионатында күміс медаль иегері атанды. Ол 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болды.

Фристайл-акробатика. Аяна Жолдас Финляндиядағы Еуропа Кубогы кезеңінде Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Биатлон. Вадим Куралес Италиядағы Ibu Junior Кубогында екінші болды. Сондай-ақ, осы турнирде үздік бестікке енген Арина Крюкованың нәтижесін атап өту қажет.

Хоккей. Қазақстан хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында екінші орын алды. Алайда, бұл нәтиже біздің командаға әлемдік біріншіліктің элиталық дивизионына кіруге мүмкіндік бермеді.

Қоғам

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында жасөспірімді ит қауып алған, деп хабарлады m...

Жаңалықтар

Қазгидромет Астанада 22-24 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын ұсынды, деп хабарлады madeniport...