Ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz...
Бір аптада екінші рет: Астанада кран құлап, адам мерт болды
ашық дереккөз
Астанада құрылыс алаңында мұнаралы кран құлап, бір адам қаза тапты. Тағы екі адам зардап шекті, олардың бірінің жағдайы ауыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға бүгін Қорғалжын тасжолы бойында, №100 мектеп маңындағы салынып жатқан ғимараттың жанында болған.
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған екі адам Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді.
Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Екінші азамат стационарда қажетті медициналық көмек алып жатыр.
Тағы бір адам оқиға орнында қаза тапқан. Оның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Айта кетейік, бұл – Астанада бірнеше күн ішінде болған екінші осындай жағдай. 27 тамызда Е 908 көшесі маңындағы құрылыс алаңында да кран құлап, бір адам қаза тапқан еді. Сол факті бойынша полиция тексеру бастаған.