“Бір руға кірмесең сені қоғам жеп қояды”: Қазақстандағы рулардың маңызы туралы сөз қозғалды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
584

Тарихшы Оспан Нышанұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жүзге кірмейтін рулар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Qasqa jol YouTube арнасына қонаққа келген қос ғалым жүзге кірмейтін 10 шақты ру бары жазылған қолжазбалар барын айтты.

“Жалпы жүзге кірмей өмір сүру қиын. Бір рудың тізбегіне кірмесеңіз сізді жеп қояды. Біз Төре мен қожаның өзін руға байланыстырамыз. Арғынның төресі, найманның төресі, дулаттың төресі деп румен байланыстырамыз. Жүз деген әкімшілік териториялық бірлік. Бұл тиімді басқару бірлігі. Біз Түркістанды екіге бөліп, мынау Дулат облысы, мынау Қоңырат облысы дей алмаймыз. Бірақ Түркістан облысында рулық қарым-қатынас, туыстық қарым-қатынас жақсы дамыған. Оңтүстікте солтүстікке қарағанда рулық негіздегі қарым-қатынас белсенді", деді тарихшы Жамбыл Артықбаев.

Оның айтуынша, оңтүстіктегі руларда рубасы деген болады екен.

Бұл дұрыс жүйе дейді тарихшы. Осы арқылы қоғамды жөнге салып отыратынын айтты. Бірақ бұл шаралар ресми болмайтынын атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...