"Бір сапта жүрген жігіттерден айырылу — жүрекке ауыр соққы": Каспийдегі оқиғадан аман қалған сарбаз жазба жариялады

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
568

Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаз Бекет Қуандық әлеуметтік желідегі парақшасында қаза тапқан қатарластарына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Ол бірге қызмет еткен сарбаздардан айырылу өзіне ауыр тигенін айтып, олардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты. 

"Қаза тапқан қарулас бауырларымның отбасыларына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын.

Бірге қызмет еткен, бір сапта жүрген жігіттерден айырылу — жүрекке ауыр соққы. Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуы тиіс бауырларымның енді арамызда жоқтығы жанымды ауыртады.

Жігіттерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алла алдынан жарылқап, жандарын жәннаттан етсін. Артында қалған отбасыларына сабыр мен төзім берсін.

Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Олар — біздің қаруластарымыз, бауырларымыз. Ерліктері мен жарқын бейнелері жүрегімізде мәңгі сақталады.

Жандары жәннатта болсын, бауырларым! 

Барша біз үшін уайымдап,дұғада болған қазақ елі сіздерге Алла разы болсын", – деп жазды Бекет. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...