Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды

Фото: Qazsport.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
77

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Отандасымыз әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүріс сайысында 42,195 шақырымды 3 сағат 22 минут 20 секундта жүріп өтіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Күміс жүлде Қытай өкілі Даньцзэн Цюйцзунға бұйырса, қола медальді тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли иеленді. Олар сәйкесінше 3:26:09 және 3:32:26 нәтиже көрсетті.

Осылайша, Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасына Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медальді әкелді. Ол ең жақын қарсыласынан 3 минут 49 секундқа озып кетті.

Ясмина Тоқсанбаева Алматы қаласының намысын қорғайды. Ол — халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спортшыны Майя Созонова мен Елена Юда жаттықтырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 27-28 қыркүйекте елдің солтүстігі мен шығысында т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде қаза болған 14 әскери қызметші қайтыс болғаннан кейін мемлек...