Шерзат Полаттың оқиғасына байланысты прокурорлар айыптау актін дайындап жатыр

Фото: Mila Grabowski / Медиазона

ЖАҢАЛЫҚТАР
1186

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу туралы айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шындалиевтің сөзінше, іс Алматы облысының прокуратурасына жіберілген. Енді айыптау акті дайындалып жатыр. 

"Бұған дейін айтқанымыздай, қылмыстық істі тергеу толық аяқталды. Іс зерттеп, айыптау актісін жасау үшін прокуратураға жіберілді. Қазіргі уақытта Алматы облысының прокуратурасы жүргізілген тергеу әрекеттерінің заңдылығын толықтай тексеруде. Осыдан кейін істі сотқа жіберу туралы шешім қабылданады", - дейді ол. 

Іс сотқа қашан жіберілетіні әзірге белгісіз. Күдікті адамдардың санында өзгеріс жоқ. 

"Әзірге нақты мына күн деп айта алмаймын. Себебі заңға сәйкес мұндай шешімдер 10 күннің ішінде қабылданады. Егер ол қиын қылмыстық іс болса, прокурор шешімді бір ай ішінде шығара алады. Қазір бұл іспен Алматы облысының прокуратурасы айналысып жатыр", - дейді Шындалиев.