Дзюдо спорты бойынша екінші жарыс күнінде 66 келідегі жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда...
Бір сәтте ажал құшты: Маңғыстауда 26 жастағы жігіт қаза тапты
ашық дереккөз
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында 26 жастағы электр монтері Манас Қылышбаев тоққа түсіп, оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның жақындары қайғылы жағдайға оның бригада басшысының қатысы болуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Туыстарының сөзінше, бригада басшысы Манас Қылышбаевты жұмыстан тыс уақытта өз үйінің электр желісін жөндеуге жұмсаған. Жұмыс барысында жігітті жоғары кернеулі тоқ соғып, ол электр бағанында қаза болған.
Алайда «Маңғыстау өңірлік электр тораптық бөлу компаниясы» АҚ өкілдері басқа нұсқаны алға тартты. Компания мәліметінше, Манас сол күнгі жоспарлы жұмысын аяқтап, кейін оқиға орнына жеке көлігімен барған. Мекеме оған бұл жұмыс бойынша қызметтік тапсырма берілмегенін мәлімдеді.
Марқұмның отбасы оның өз еркімен қосымша табыс табуға барғаны туралы нұсқамен келіспейді. Олар істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етіп отыр.
Қазіргі уақытта бригада басшысы қызметінен шеттетілген. Оқиғаның мән-жайын еңбек инспекциясы мен полиция тексеріп жатыр. Компания марқұмның отбасына материалдық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.