Көк туымыз жердің ең үстінгі нүктесі Солтүстік полюсте желбіреді

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
421

Қазақстанның Мемлекеттік Туы алғаш рет Жер шарының ең солтүстік нүктесі - Солтүстік полюсте желбіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандық саяхатшы әрі тревел-блогер Әділет Рахметолла 90° Солтүстік ендікке дейін жетіп, мұзды мұхиттың дәл ортасында еліміздің Көк Туын көтерді. Ерекше сәт әлемдегі ең ірі атом мұзжарғыш кемелерінің бірі - «50 лет Победы» кемесінің жанында бейнетаспаға түсірілген.

Саяхатшы бұл оқиғаны өз өміріндегі ең үлкен мақтаныштардың бірі деп атап өтті.

«Жердің ең үстіңгі нүктесінде көк Туымызды желбірету - мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақтың Туы әлемнің әр түкпірінде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деп жазды ол.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...