Алдағы екі жылда Қазақстандағы барлық елді мекен ғаламтормен қамтылады, деп хабарлайды MADENIPORTAL....
«Қазақша әріптерді қабылдамаған»: Желі қолданушысы «Қайрат» пен «Реалдың» ойына билет сатып алмаған себебін айтты
коллаж: madeniportal.kz
608
Әлеуметтік желі қолданушысы "Қайрат" пен "Реалдың" ойынына билет сатып ала алмау себебін айтты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Оның сөзінше, билет саудалаған сайт қазақша қаріптерді қабылдамаған. Сол себепті ол брондап үлгерген билеттерінен айырылып қалған.
«Сөйтсем, аты-жөнді орысша жазу керек екен! неге орысша? неге қазақ тіліне барлық артықшылықты бермейді? Бірінші орынға қазақ тілін қою керек қой! Болмаса қателігін шығармайды ма, (пароль ойластырғанда 1 символ, 1 сан керек деп айтады ғой). Әншейін де аты-жөніңнен бір әріп қате кетсе еш жерде өткізбейді. ал мұнда… сөз жоқ. Жылағым келіп тұр, өз кесірімнен бәрі. 2 билет қолымда тұр еді ғой, қалайша шығып кеттім», - деді желі қолданушысы.