«Біреуі қаза тапты»: Атырауда екі жұмысшы 5 қабаттан құлады

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2148

Атырауда екі жұмысшы 5 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Екі жұмысшы 5 қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...