Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөзді қашан айтатыны белгілі болды

Сурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
3284

Бүгін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін сот жарыссөзінде сотталушылар сөз сөйлеп, тараптардың ескертулері тыңдалды.

Жарыссөздiң екiншi бөлiгiнде тараптар сотталушылардың әрекеттерiн саралау, жаза тағайындау, азаматтық талап қою мәселелерi бойынша ұстанымдарын баяндады.

Айта кетейік сот алқабилердiң қатысуынсыз жарыссөздің екінші бөлігіне көшті (ҚПК-нің 651-бабына сәйкес алқабилер қатысатын сотта тараптардың жарыссөзi екi бөлiктен тұрады).

Сотталушылардың соңғы сөзі 6 мамырда сағат 10:00-де өтеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...