Жамбыл облысында ауыр қылмысты жасырған полицейдің ісі әшкере болды

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2461

Жамбыл облысында полиция басшының орынбасары ауыр қылмысты жасырғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Байзақ ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты ҚК-нің 433-бабының 2-бөлігімен ауыр санаттағы қылмысты қасақана жасырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Қылмысты жасыру аудан аумағында орын алған 10 700 000 теңге қаражатты жымқыруға қатысты арызды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркемеу арқылы жүзеге асырылған», деп хабарлады бас прокуратура.

Күдікті ұсталды. Оған қатысты сотпен «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...