Үндістанда 25 жастағы ер адам өзінің жерлеу рәсімінде тіріліп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz...
Бишімбаев жазасын өтеп жатқан колонияда бақылау күшейтілді
Фото: Жоғарғы сот
Степногорск қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің қауіпсіздігін күшейтуге қосымша қаражат бөлінді. Соның аясында Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекемеде жаңа бақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, жергілікті бюджет қаражаты есебінен мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары жүргізілген.
№5 мекемеде заманауи бейнедомофон жүйесі орнатылды. Ол сотталғандардың мекеме аумағында жүріп-тұруын бақылауды күшейтуге арналған.
Жаңа тәртіп бойынша сотталған адам белгілі бір аумақтан шығу үшін арнайы шақыру батырмасын басады. Осыдан кейін кезекші бөлім қызметкері бейнебайланыс арқылы оның жеке басын анықтап, қайда және не үшін бара жатқанын нақтылайды.
Рұқсат берілгеннен кейін ғана есік ашылады. Сотталған адам өтіп болған соң есік автоматты түрде жабылады.
Прокуратураның хабарлауынша, мұндай жүйе сотталғандардың бақылаусыз жүріп-тұруына жол бермеуге, өткізу режимін күшейтуге және мекеме қызметкерлері мен нысанның қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Степногорск прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі режим мен қауіпсіздік мәселелері бақылауда екенін мәлімдеді.