«Неге ажырасады?»: Роза Әшірбаева Гүлзира Айдарбекованың жазбасына жауап қатты

коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
151

Коуч Роза Әшірбаева продюсер Гүлзира Айдарбекованың әлеуметтік желідегі жазбасына пікір білдіріп, қоғамдағы ажырасу мәселесін көтерді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Роза Әшірбаева отбасылардың ажырасуына түрлі жағдай себеп болатынын айтып, бұл мәселеге қатысты өз көзқарасын білдірді.

Оның сөзінше, отбасылық жанжалдардың артында көпшілік біле бермейтін түрлі оқиғалар жатыр. Коуч өзі білетін бірнеше жағдайды мысалға келтіргенін айтып, мұндай оқиғалардың әлдеқайда көп екенін жеткізді.

«Бұл мен танитын хикаялардың төртеуі ғана. Жалғастыра берсең көп. Қайсыбірін айтайын? Әлі күнге дейін ажырасудың не себепті көп екенін түсінбейтіндерге таңғаламын. Ресми статистикаға қарасақ: ұрып-соғу, алкоголь, құмар ойын, есірткі, көзге шөп салу және туыстардың ортаға түсуі. Ал сіздің таныстарыңыз не үшін ажырасты?» – деп жазды Роза Әшірбаева.

Осылайша, коуч ажырасуға тек ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік емес, тұрмыстық зорлық-зомбылық, зиянды әдеттер, опасыздық пен туыстардың отбасылық өмірге араласуы да әсер ететінін атап өтті.

Сонымен қатар ол оқырмандарына сауал жолдап, өз орталарында ажырасқан отбасылардың қандай себептермен мұндай шешімге келгенін сұрады.

Роза Әшірбаеваның бұл пікірі Гүлзира Айдарбекованың жазбасына жауап ретінде жарияланды.

Шоу-бизнес

Актриса әрі әнші Перизат Алпыс отбасында орын алған оқиғаларымен бөлісіп, тіпті баласынан бас тартпа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада «Шапағат» базарының маңынан 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Әлеуметтік жел...