Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1218

Қуандық Бишімбаевтың азаматтық жұбайын ерекше қатыгездікпен өлтіргені үшін сотталғаны белгілі. Ал оның немере інісі Бақытжан Байжанов амнистия аясында мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Malim.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады.

Құжатта кімдерге рақымшылық жасалатыны және қандай қылмыстар амнистияға жатпайтыны нақты көрсетілген.

Атап айтқанда, заңның 4-бабында рақымшылық қолданылмайтын санаттар анық жазылған.

Еске салайық, 2023 жылғы 9 қарашада Бишімбаевтың азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенова аса қатыгездікпен өлтірілді. 2024 жылғы мамырда бұрынғы ұлттық экономика министрі оны азаптап, өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы оқиға кезінде оның туысы Бақытжан Байжанов та қылмысты жасыру бабы бойынша (ҚК 432-бап) 4 жылға сотталған болатын. Ал заңға сәйкес, бұл бап бойынша амнистияға өтініш беруге болады. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...