Дағыстанда 28 қыркүйек аза тұту күні деп жарияланды

Фото: Ресей ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2115

Дағыстан Республикасында 28 қыркүйек қаралы күн болып жарияланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Аза тұту туралы Дағыстан Республикасының басшысы Сергей Меликов жариялады. Шенеунік әлеуметтік желілерде 28 қыркүйекті Махачкаладағы жанармай құю бекетінде болған жарылыс кезінде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланғанын хабарлады.

«Мен 28 қыркүйекті Дағыстанда аза тұту күні деп жариялауды ұйғардым. Тағы да ауыр қайғыға тап болған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Ең жақын адамнан айрылудың қандай ауыр екенін, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екенін жан тәніммен түсінемін. Бірақ мен біз сіздермен бірге екенімізді, біз сіздерге барынша жан-жақты қолдау көрсететінімізді білгендеріңізді қалаймын», деп жазды ол.

27 қыркүйекте Махачкалада жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болып, салдарынан 11 адам қаза тапты, оның ішінде біреуі бала. Белгілі болған 15 зардап шегуші жедел түрде жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы орташа деңгейде жарақат алған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...