“Сот залына 9 сотталушы әкелінді, біреуі жасөспірім”: Шерзат Полаттың өліміне қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1989

Жоғарғы соттың коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас істі Жанұзақов Ержан Серікқазыұлы атты судья қарайтынын айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Залға 9 сотталушы әкелініп, олардың 9 қорғаушысы да келген. Журналистер Жоғарғы сот өкілінен “не себепті дәл осы жерде сот процесі өткізіліп жатыр?” деп сұрады.

Себебі Шерзат Полаттың өлімі қылмыстық іс болғандықтан, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралу үстінде. Қылмыстық істерді әкімшілік немесе азаматтық істер жөніндегі соттар қарамайды, – деді Перизат Сәдуақас. 

Бұған дейін прокуратура сот процесін онлайн трансляциялау туралы өтініш білдіретінін мәлімдеген, бұл мәселе бүгінгі сот отырысында қаралуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...