Блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға жеткізілді

Фото: t.me/kozachkow

ЖАҢАЛЫҚТАР
103

Әлеуметтік желіде халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өз Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz el.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарияланған мәліметке сәйкес, Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань әуежайынан Қазақстанға ұшып шыққан. Әлеуметтік желі қолданушылары түсірген фотосуреттерде блогердің жанында Қазақстанның Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) қызметкеріне ұқсайтын азаматтың болғаны байқалады. Ресми органдар әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ. 

Қайсар Қамза 2026 жылдың қаңтарында халықаралық іздеуге жарияланған. Тергеу мәліметінше, ол Қазақстан аумағында тыйым салынған онлайн-казиноны жарнамалау ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдарының нұсқасына сәйкес, блогер Instagram мен Telegram желілеріндегі миллиондаған аудиториясын пайдаланып, заңсыз құмар ойын платформаларын насихаттаған. Тергеу барысында оның криптовалюта түрінде шамамен 200 мың АҚШ долларына жуық қаражат алғаны айтылған. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні сағат 15:00-...

Шоу-бизнес

Танымалтележурналист Динара Сәтжан ұлының алдағы үйлену тойына дайындықтың басталғанын айтып, әлеуме...