«Енесі келіні жеп отырған тамаққа түкірді»: Әйел асты дастарханға төгіп, істеген ісін келініне жаба салды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1464

Әйел келіні жеп отырған тамаққа түкіре салды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жағдай Өзбектсанда болған. Енесінің қылығын бейнеге түсірген келіні әйелге жақпай қалған. Ол дереу келінінің әкесіне хабарласып, қызын жамандай жөнеледі. 

Қарама-қарсы бетте тамақтанып отырған келініне қасарысқан әйел, тамаққа түкіріп асты араластырады. Кейін қасықпен тамақты шаша бастайды.

Егде жастағы әйел тамақ шашылған дастарханның бетін бейнеге түсіріп, бәрін келіні жасағанын айтады. Ең сорақысы, олардың жанында үнсіз келіншектің күйеуі отырады. Оның айқай-шуға еш араласпай отырғаны белгілі болды.

Келіншек жылап отырса енесі “басың түсіп қалмасын” деп келеке қылады. Ал келіншектің алдында кішкентай қыз баланың дауысы естілді.

Желі қолданушылары келініне күн көрсетпеген енені жерден алып жерге салып жатыр.