Үш адам қаза тауып, 36 адам жоғалды: Тәттілер фабрикасындағы алапат өрт шықты

ЖИ

PESTEL
90

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрикада ірі өрт шығып, үш адам қаза тапты. Тағы 36 қызметкер із-түзсіз жоғалып, төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 21 қараша күні кешке болған. Өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде 59 жұмысшы жүрген. Олардың 16-сы құтқарылған. Құтқарушылар өртенген ғимараттың үйінділерін аршу барысында адам сүйектерінің қалдықтарын тапқан. Қаза тапқандардың жеке басын анықтау үшін ДНҚ сараптамасы жүргізіліп жатыр.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір тәуліктен астам уақыт күрескен. Қазір жалынның негізгі бөлігі бақылауға алынғанымен, ғимараттың кейбір аумақтарында өрт әлі толық сөндірілмеген. Із-түзсіз жоғалған 36 адамды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

PESTEL

Ұлыбританияның Саффолк графтығындағы Барнхэм ауылының тұрғындары ел құрамынан символикалық түрде бөл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысында өткен жылы үш баласынан айырылған 51 жастағы әйел дүниеге қыз әкелді. Балалары и...