Блокбекетте қайтыс болған полицейдің жары жүрек тебірентер жазба жариялады

Жаңалықтар
2702

Алматыда блокбекетте қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың жары әлеуметтік желіде жұбайымен қоштасу жазбасын қалдырып, естелік суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

“Махаббатым, бізді неге тастап кеттің. Мен сені өте қатты сүйемін. Бұның болғанына сене алар емеспін. Сен өте керемет әке және адал жар едің. Біз ұлың екеуміз сені қатты жақсы көреміз. Сен әрдайым біздің жүрегімізде боласың. Ұлың үшін мәңгілікке қаһарман болып қаласың. Сен менің қорғаным әрі жарығым едің. Саған үш жылдық бақытты өмір үшін алғысымды білдіргім келеді.

Сен тым ерте кеттің. Ал біз болсақ, ойластырған барлық жоспарымызды жасап үлгермедік. Мен әрі қарай қалай өмір сүретінімді білмеймін. Егерде тағдырдың тәлкегіне шыдамасам, кешір мені. Біздің ұлымызды жебей жүр. Сені сені сүйемін, бұйрабасым”, – Динара Аман Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Аталған оқиғадан екі полиция қызметкері көз жұмды, біреуінің жағдайы ауыр. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алынды.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...