Болат ағаның түсірген суреттері – Сыр бойының тірі тарихы

ЖАҢАЛЫҚТАР
7762

Шиеліде аудандық газетте жұмыс істеген Сайдхасан Хутаевтың талай фотоларын кезінде газеттерден көргенмін. Түпнұсқасы болмаған соң ол суреттердің сапасы жайында енді ештеңе айта алмаймыз. Марқұмдардың мұрасының сақталмай қалғаны өте өкінішті. Біз осындай жұмыстарға құнтсызбыз ғой. Мен Израилге қоныс аударып кеткен Владимир Мыльников деген фотографтың өзі түсірген талай фотосын мемлекеттік архивке өткізгенінің куәсі болғанмын.

 Әйгілі фотограф Нұрғожа Жұбанов та қайтыс боларының алдында фотоларымды архивке өткіздім деп айтқан-ды. Ал қазақ фотографтары Сайлау Пернебаев, Берсінбек Сәрсенов, Алашыбай Есмағамбетов т.б. марқұм болған ағалардың архивтері ең алдымен Қазақстан Жазушылар одағына керек еді. Осыны одақта істейтін жігіттерге бірнеше рет айтып, саналарына сіңдіре алмадым.

Сол сияқты Болат Омарәлиев ағамыз түсірген фотошежірелер әлі баға жетпес құнды қазынаға айналады. Ол сөзсіз. Түрлі тақырыптар бойынша фотоальбомдар шығару қажет. Болат ағаның түсірген суреттері – Сыр бойының тірі тарихы!

 Қасым Қайсенов


 Мүлік Сүртібаев


Олархан Бөкеев 

 Иманғали Тасмағанбетов

 Бердібек Сапарбаев


Байбота ҚОШЫМ-НОҒАЙ,

ақын, Жазушылар Одағының мүшесі

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...