Павлодарда 10 жастағы баланың басынан 5 жыл бұрын кірген ағаш бұтағының қиындысы алынды, деп хабарла...
Шымкентте Нұрайдың өліміне байланысты жаңа бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
Фото: freepik
977
Шымкентте Нұрайдың өліміне байланысты жаңа бап бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы адвокат Аянхан Омаров хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі таңда Ішкі істер министрлігінен арнайы комиссия келіп, жедел-тергеу тобы құрылған. Қазір іс аясында тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні кешкі уақытта Шымкентте көпқабатты тұрғын үй маңынан бойжеткеннің мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.
Ал 20 қаңтар күні Ұлттық құрылтайда Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді тапсырған еді.