Ақтауда қоғамдық орында ер адам келушілердің біріне тура барып оқ атқан

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
851

Ақтауда қоғамдық орында ер адам келушілердің біріне тура барып оқ атқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.

Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне берілетін құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаны қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясы жаңа Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың тізімін жариялады, де...