Бостандыққа шыққаннан кейін Байжанов алты жыл бойы әкімшілік бақылауда болады

жоғарғы сот

ЖАҢАЛЫҚТАР
210

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың бостандыққа шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ведомство Ulysmedia.kz басылымына берген мәліметінде, оның түрмеден шыққаннан кейін де пробациялық бақылау мен әкімшілік қадағалауда болатынын хабарлады.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Бақытжан Байжанов «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң негізінде босатылған.

– Сот бұл мәселені қараған кезде Байжановтың өтелмеген жаза мерзімі 3 ай 18 күнді құрады. Сонымен қатар сот қаулысымен оған пробациялық бақылау белгіленіп, алты жыл мерзімге әкімшілік қадағалау тағайындалды, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Бұған дейін адвокат Ғазиз Ынтықбаев соттың Бақытжан Байжановты дереу босату туралы шешім шығарғанын мәлімдеген болатын. Сол күні-ақ ол отбасына оралған.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған.Алғашқы сот үкімімен оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...