БҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
207

Батыс Қазақстан облысында қар шығару, қар суын сору, қаптарды толтыру және төсеу, сондай-ақ, өзендерде ойық ою, мұз кесу мұз кесу, жару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыс құтқарушылары мен ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарында қаптарды толтыру және төсеу жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Ведомство мәліметінше, бүгінгі күнге дейін барлығы 935 мың текше метрден астам қар шығарылып, 160 мың текше метрден аса су сору, 13 мыңнан аса ойық, 4 700 метрдей мұз кесу, 9 700-дей инертті материалдармен қаптарды төсеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы ауданы 3 900 шаршы метр учаскеде мұз қабатын әлсірету және кептеліс құбылыстарын болдырмау үшін жарылыс жасалды. 

Айта кетсек, облыстық ТЖД  жанынан облыстық жедел штаб құрылып, 8 (711) 2 55-40-77, 55-40-88 немесе «112» телефон номерлері бойынша қауырт желі жұмыс жасауда.

Құтқарушылар өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Облыс бойынша жағдай бақылауда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаржаубай Нұрымов Айтбек Амангелдінің адвокаттарынан неге бас тартқанын айтты, деп хабарлады Мadenip...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың қашан тұрмысқа шығатын уақыты белгілі бол...