Бүгін – Дүниежүзі бойынша ұстаздар күні

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1393

Бұл күн – барлық мұғалімдер мен оқытушылардың, сондай-ақ білім беру саласында еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі, деп жазады Мadeniportal.kz.

Мұғалімдер күнін белгілеуге негіз болған тарихи оқиға — 1966 жылдың 5 қазанында Парижде өткен мұғалімдердің мәртебесіне арналған үкіметаралық конференция. Сол жиында ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) өкілдері «Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар» атты маңызды құжатқа қол қойды.

Содан кейін 1994 жылдың 5 қазанында алғаш рет Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтілді. Сол уақыттан бері бұл мереке жыл сайын дәстүрлі түрде аталып келеді. Дегенмен кейбір мемлекеттер мерекені 5 қазанға жақын күндері өткізуді жөн көреді.

Мәселен, Ресей 1994 жылдан бастап Мұғалімдер күнін 5 қазанда атап өтеді, ал бұған дейін ол қазанның алғашқы жексенбісінде тойланатын.

Ал Қазақстан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Латвия және Украинада бұл мереке бұрынғы дәстүр бойынша қазанның бірінші жексенбісінде тойланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...