"Бұл біздің ортақ әскери күшіміз": Ресейдің елшісі Астанадағы парад туралы

Фото: Қорғаныс министрлігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2475

Қазақстан қарулы күштерінің нығаюын Ресей тарапы оң бағалап отыр. Мұндай мәлімдемені еліміздегі Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

7 мамыр күні Астанада өткен әскери парад барысында ресейлік дипломат Қазақстанның Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді бірінші болып бастаған ел екенін атап өтті.

Бородавкиннің айтуынша, Қазақстан әскері ҰҚШҰ елдерінің ортақ қуатын көрсетіп отыр.

— Біз Қазақстан Қарулы күштерінің нығайып жатқанына қуаныштымыз. Олар – одақтас армиялар ретінде белгілі. Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің құрамына кіреді. Сондықтан Қазақстан қарулы күштерінің күш-қуаты – бұл біздің ортақ күш-қуатымыз. Яғни, ҰҚШҰ-ға мүше барлық елді қорғауға дайын біріккен күш, — деді Алексей Бородавкин. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияның батысында болған қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Табиғи ап...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан Аймахан, 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот алдында жауап беріп жаты...