Дүйсенбі, 11 мамыр күні Қазгидромет болжамына сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы қ...
Қазақстанның бас мешітіне «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілді
ашық дереккөз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Қазақстанның бас республикалық мешітіне жаңа атау берілгенін мәлімдеді. Енді ол ресми түрде «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы ҚМДБ 2026 жылғы 5 шілдеде хабарлады.
«Құрметті қауым! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке «Нұрсұлтан мешіті» атауы берілгенін хабарлайды. Осыған байланысты жаңа атау ресми қолданысқа енгізіледі», – делінген хабарламада.
ҚМДБ-ның мәліметінше, республикалық бас мешіт – елорда тұрғындарына ғана емес, Қазақстандағы барлық мұсылман қауымына ортақ рухани орталық.
Діни басқарма өкілдерінің айтуынша, мешіттің негізгі мақсаты – қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту, бейбітшілік пен келісімді дәріптеу, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдау.
«Жаңа атаумен республикалық бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға өз үлесін қоса береді», – деп мәлімдеді ҚМДБ.