Парламент сайлауында Пашинян партиясы жеңіске жетті

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
371

Армениядағы парламент сайлауында премьер-министр Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы алдын ала нәтижелер бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Республика Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар дауысының 90%-ы саналғаннан кейін партия 50,25% дауыс жинаған.

Екінші орында кәсіпкер Самвел Карапетян жетекшілік ететін «Күшті Армения» партиясы 23,31% нәтижемен тұр. Үшінші орынға елдің бұрынғы президенті Роберт Кочарянның «Армения» блогы 9,78% дауыспен жайғасқан. Ал Гагик Царукянның «Гүлденген Армения» партиясы 4,2% дауыс жинады.

Осылайша, қазіргі есеп бойынша оппозициялық күштердің жиынтық көрсеткіші 36,88%-ды құрап отыр.

Ресми деректерге сәйкес, әзірге 2005 сайлау учаскесінің 1199-ындағы бюллетеньдер ғана толық саналған.

Армения заңнамасына сай партиялар үшін парламентке өту шегі 4%, ал саяси блоктар үшін 8% болып белгіленген.

Дауыстардың шамамен 10%-ы саналған кезде Никол Пашинян оның «Азаматтық келісім» партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, үкіметті жеке өзі жасақтайтынын мәлімдеген. Алайда оппозициялық партия өкілдері премьер-министрдің бұл мәлімдемесін Орталық сайлау комиссиясына қысым көрсету әрекеті деп бағалады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 65 жастағы ер адам 35 жастағы әйел мен оның 10 айлық қызын зорлап өлтірді деген күдікпен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Көптеген өңірде бұлттылық құбы...