Бұрын сотталған 15 адамның сұмдық әрекеттері елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1592

Ақтөбеде ақша бопсалаумен айналысқан бірнеше күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

17 наурызда Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізу барысында облыс орталығының бірнеше тұрғынын бопсалаумен айналысты деген күдікпен ұстады.  Тергеп-тексеру барысында бұрын-соңды сотталған тұлғалар ойлап табылған сылтаумен Ақтөбе тұрғынының автокөлігін тартып алғаны және оны қайтару үшін иесінен 2 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат талап еткені анықталды. Іс-шаралар кешенін өткізу барысында күдіктілер жәбірленушіден ақшалай қаражатты алу кезінде ұсталды. Ішкі істер органдарына барлығы 15 адам жеткізілді, олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...