Ресейдің Су-34 әскери ұшағы құлады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1956

Ресейдің Нижегород облысында Су-34 әскери ұшағы құлады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. 

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақ қонуға бет алған кезде шассиді шығару жүйесінде ақау пайда болған. Экипаж мүшелері катапультті іске қосып, аман қалған.

– Қару-жарақсыз ұшып жүрген ұшақ елді мекендерден аулаққа, адам жоқ жерге құлады. Жерде ештеңе қирап-бүлінбеген, – деп мәлімдеген Ресей қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Кейінгі бір жылдан Су-34 әскери ұшағы осымен үшінші рет әуеден жерге құлап отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...