"Белден төмен істемей қалған": "Өнер қырандарының" актері төсек тартып қалды

Фото: Sn.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
756

"Өнер қырандары" әзіл-сықақ театрының директоры Мадияр Серікбаев актер Меліс Наурызбековтің денсаулығына қатысты мәлімет айтты, деп MadeniPortal.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, актердің белі сыр беріп, оған операция жасалған. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт тынығуға кеңес бергенімен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып кеткен.

"Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалған. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалып жатыр аяғы. Тұра алмай жатыр. Алла шипасын берсін. Дұғада болыңыздар", – деді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...