Тоқаев қатысқан жиында Каспийде қаза тапқан сарбаздарға тағзым етілді

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
662

Бүгін, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумына қатысып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Ақорданың хабарлауынша, жиын басталар алдында форум қонақтары Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қатысушылар марқұмдардың рухына тағзым етті.

Қазақстанда 25 қыркүйек Маңғыстаудағы қайғылы оқиғада қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастық соңғы кезеңде белсенді дамып келеді. Бұған дейін Президент қытайлық бизнес өкілдерімен кездесулерінде жаңа технологиялар, өндіріс және инвестициялық жобаларды кеңейтуге басымдық берілетінін айтқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясы Қостанай маңындағы Тобыл өзенінің жағасына салынуы мүмкін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мә...