Былтыр жазда жоғалған ер адамның жағдайы белгілі болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1293

Алматыда былтырғы жазда жоғалып кеткен егде жастағы ер адам өлі табылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.

LIDER.KZ іздеу тобының еріктілерінің хабарлауынша, 82 жастағы Қарипбаев Рыскәлі Қарипбайұлы өлі күйінде табылды. 

Ер адам 2024 жылдың 31 шілдесінде жоғалып кеткен. Туыстарының айтуынша, ол сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Бабаев көшесі, 18-үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жоғалған адам орта бойлы, бойы шамамен 160–165 сантиметр, қысқа ақ шашты, қоңыр көзді болған. 

Қайтыс болу жағдайы мен нақты себебі анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...