Ресейде 20-қабаттың терезесінен құлаған бойжеткен тірі қалды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2055

Түмен қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің терезесінен құлап, аман қалған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Алдын ала деректерге сүйенсек, қыз 20-қабаттың терезесінен тұрғын үй кешенінің ауласында тұрған көліктің үстіне құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем оны алып кеткен. Жақын маңда болған курьер полиция қызметкерлерімен бірге дәрігерлерге қызды зембілге салуға көмектескен.

«Ол №2 облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Пациент тиісті бөлімшеге жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы ауыр», – деп хабарлады журналистке денсаулық сақтау департаменті.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қыздың жасы – 16-да екені белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, ол алдымен сырт киімі мен сөмкесін тастаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Щучинск автожолындағы «Щучинск» ақы алу пунктіне кіреберісте қозғалыс жол...

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында қызының бой жетіп, өз алдына бі...