Қарағандыда өзеннен ер адам мүрдесі табылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1033

Қарағанды облысының Нұра ауданында елді елең еткізген жағдай орын алды. 23 қыркүйекте “Асар” іздестіру-құтқару жасағының еріктілері өзен жағасында ер адамның қаңқасын тапты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Alash.KZ жазды.

Құланөтпес ауылынан бес шақырым жерде табылған мүрденің қазірге дейін кімге тиесілі екені белгісіз. Іздестірушілердің айтуынша, марқұмның үстінде сұр-жасыл түсті камуфляж шалбар, Armani белдігі және Northland маркалы қара кроссовки болған. Бұл заттар ер адамның соңғы сәттерінде күнделікті киімінде жүргенін көрсетеді. Сонымен қатар, сүйектен ерекше белгі де анықталған. Төменгі жақ сүйегінің алдыңғы үш-төрт тісі жоқ. Құтқарушылардың ойынша, дәл осы дерек оның кім екенін анықтауда маңызды болуы мүмкін.

Қазіргі таңда марқұмның жеке басы анықталмағандықтан, “Асар” еріктілері облыс тұрғындарына үндеу жасады. Олар марқұм жайлы немесе оның туыстары туралы қандай да бір дерегі бар адамдарды тікелей іздестіру тобына не болмаса құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...