Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
262

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуі өтуде. Жиынға елдің 11 ірі кәсіпкері қатысуда, олардың арасында жалғыз әйел – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова бар деп хабарлайды madeniportal.kz.

Кездесуде президент ҚҚС қатысты үкімет ұсынған мөлшерлеменің тым жоғары болғанын айтты.

«Үкімет ұсынған мөлшерлеме тым жоғары болды, бұл цифра жарияланғанда  реакция өте өткір болды, кейде тіпті шамадан тыс, меніңше, өйткені бұл әлі талқыланатын алдын ала ұсыныс еді. Мен Үкіметтің бұл бағыттағы жұмысын барлық тараптардың – бизнес, қоғам, кәсіпкерлер, сарапшылар – пікірлерін ескере отырып жалғастыруы қажет екенін ерекше атап өтемін. Біз осы жылы нақты шешімге келуіміз керек», - деді Тоқаев.

Кездесуге қатысқан отандық бизнес өкілдерінің тізіміне тоқтала кетейік:

  •  Қайрат Мәжібаев – «Resmi» компаниялар тобының президенті, «RG Brands» АҚ;  
  • Эдуард Огай – «Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы;  
  •  Марат Сәрсенов– «Исткомтранс» ЖШС құрылтайшысы;  
  •  Нұрлан Смағұлов – «Astana Group» холдингінің президенті;  
  •  Үміт Шаяхметова – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы;  
  •  Арсен Томский – InDriver бас атқарушы директоры;  
  •  Айдын Рақымбаев – «BI-Group» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы;  
  •  Жұмабек Жанықұлов – «Karazhal Operating» компаниясының тең иесі, ҚР Жұмыс берушілердің ұлттық конфедерациясы «Paryz» президиумының төрағасы;  
  •  Кинтәлі Исламов – «Атамекен-Агро» АҚ басқарма төрағасы;  
  •  Сергей Барон – «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры;  
  •  Райымбек Баталов– «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша терге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, кәмелеттік жасқа толмаған бала көз жұмды, д...