Семейде оқушыны аймалаған мұғалім елдің жағасын ұстатты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2815

Семейде оқушы қыздардың момындығын пайдаланған ұстаздың ерсі қылығы әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ  Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «NeMolchiKZ» қорының мәліметінше мұғалім үнемі қыздарды сабақ үстінде осылайша сипалап жүрген.

«Мұғалім оқушы қыздың құлағын, мойнын аймалаған. Қыздар өте ұялшақ болды және өздерінің жеке шекараларын қалай қорғау керегін білмеді. Бір күні оның қорлап жатқаны камераға түсіп қалып, мектеп чатына жазылып, жанжал мен шу болған. Олардың айтуынша, директор жай ғана құжаттарын алып кет деген. Сосын ол мектептен шығып кетті», — деп жазды қор өкілдері.

Қазір кейбір балалар оның басқа мектепте жұмыс істейтінін жазып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...