Алматыда зейнеткер келіні соққыға жыққанын айтты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
434

Алматыда келінінен таяқ жеген әйелдің жағдайын адвокат Тлеужан Кішкенбаев айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жәбірленушінің сөзінше, келіні бұған дейін де оған қол көтерген. Алайда соңғы оқиға кезінде алған жарақаты ауыр болған.

«Дәретханаға кіргенімде артымнан келіп ұрды. Соның салдарынан көзім көгеріп қалды. Бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де ұрған. Бірақ осы жолы қатты жарақат алдым. Мені нақты үш рет ұрды», – деді әйел.

Оның айтуынша, ұлы мен келіні оған бірге психологиялық қысым көрсетеді. Оқиғадан кейін келесі күні полицияға арыз жазғанымен, әзірге нақты шара қолданылмаған.

Адвокат Тлеужан Кішкенбаевтың мәліметінше, полиция тарапынан істі қарау бойынша әзірге нақты әрекет жасалмаған. Ол жәбірленушінің құқықтарын қорғап, істі соңына дейін жеткізуге көмектесетінін айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...