Мәскеуде болуы мүмкін: қаза тапқан судья ісі бойынша Ресейдің Тергеу комитеті тексеріс бастады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
824

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы бар адамдар Мәскеуде болуы мүмкін деген ақпаратты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл тапсырма ресейлік телеарналардың бірінде шыққан сюжеттен кейін берілген. Онда Сайлыбаеваның қылмысқа қатысы болуы мүмкін деп саналатын енесі мен күйеуі Германияда тергеу басталған соң Мәскеуге кетуі ықтимал екені айтылған.

Бастрыкиннің тапсырмасымен Мәскеудегі тергеу органдары процессуалдық тексеріс жұмыстарын бастады.

Еске салайық, Қазақстанда Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздеуде жүр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...