Ата-анасы жөтел деп ойлаған: екі жасар қыздың асқазанынан 250 магнит табылды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Мәскеуде дәрігерлер 250-ден астам магнитті шарик жұтып қойған екі жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Мәскеудегі Морозов атындағы балалар ауруханасында болған. Ата-анасы екі жасар қызын қатты жөтелгендіктен ауруханаға жеткізген. Алайда рентген тексеруі кезінде дәрігерлер оның асқазанынан 250-ден астам магнитті шарик анықтаған.

Магниттер ішекке зақым келтіруі мүмкін болғандықтан, дәрігерлер шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдаған. Алдымен лапароскопия арқылы баланың ішкі ағзалары тексеріліп, ішегінің зақымданбағаны анықталған.

Кейін хирургтер ашық ота жасамай, арнайы эндоскопиялық құралдардың көмегімен магнитті шариктерді өңеш арқылы алып шыққан. Осылайша дәрігерлер кішкентай науқасты ауыр асқынудан аман алып қалған.

PESTEL

Ганада Uber такси қызметінің жүргізушісі үш әйелдің жыныстық зорлық-зомбылығына ұшырағанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жасанды интеллект технологиясы қарқынды дамып, адам өмірінің көптеген саласына еніп келеді....